Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №100

11 қыркүйек 2018, 09:00
Фото, бейне: primeminister.kz

2018 жылғы 3–8 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 4 қыркүйекте Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті. Онда алғашқы медициналық-санитариялық көмектің сапасын жетілдіру жөніндегі шаралар, халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс барысы, цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу, сондай-ақ, 2018 ж. сегіз айындағы инфляция деңгейіне қатысты мәселелер талқыланды.

  • Үкімет отырысының қорытындысы бойынша медициналық қызметтерді ұсыну сапасын арттыру мәселелері туралы брифинг өтті. Журналистердің сұрақтарына денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов жауап берді.

  • 3 қыркүйекте, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып қайтты. Сапардың басты мақсаттарының бірі Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасын», сондай-ақ, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру тұрғысынан өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысу болды.

  • Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Петропавл қ. халықаралық әуежайын реконструкциялау процесімен, ҚР – РФ аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық барысымен танысты, Оқушылар сарайының салынып жатқан ғимараттарын, «Hampton by HILTON» сауда-мейманхана кешенін тексерді. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Жас Өркен» шағын ауданында, МЖӘ қағидасы бойынша салынған әмбебап теннис орталығында болды. «Радуга» ЖШС жеке индустриялық аймағында «Рим–ҚазАгро» кәсіпорнын аралау барысында Б. Сағынтаевқа өңірде азық-түлік өнеркәсібін дамыту туралы баяндалды.

  • Премьер-Министр М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде және облыстық ауруханада өңірде білім берудің, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен, сондай-ақ, Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясында студент жастардың үй-жай жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Б. Сағынтаев облыстық әкімдікте Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018–2021 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы кеңес өткізді.

  • 5 қыркүйекте Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Экспорттық саясат жөніндегі кеңес отырысы өтті.

  • 6 қыркүйекте Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • 7 қыркүйекте Премьер-Министр Б. Сағынтаев тауарлар нарықтарын зерттеу тобының басшысы, мұнай нарығы мәселелері бойынша әлемдегі жетекші сарапшылардың бірі Джеффри Карри бастаған Goldman Sachs инвестициялық банкінің өкілдерімен кездесу өткізді.

  • Сол күні Премьер-Министр Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Мұнай-газ және энергетика салалары жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.

  • Сондай-ақ, 7 қыркүйекте Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жаңа әкімшілік ғимаратына барды.


Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз