ҚР Үкіметінің отырысы, 02.03.2020

2 наурызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында ҚР-да коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шаралары және Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды.

— Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу шаралары туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов пен сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Б. Қамалиев, Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов баяндады.

— Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасымен сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов таныстырды, Дүниежүзілік банктің өкілі Ш. Рахарджа мен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов ҚР-да сауданы дамытуға қатысты мәселенің өзектілігі мен тәсілдері туралы баяндама жасады.

— Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевтің және ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің қатысуымен халықты коронавирустық инфекциядан қорғау мәселелері жөнінде баспасөз конференциясы өтті.

— Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша Үкіметтің қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.

— ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Сауд Арабиясының қазақстандықтарға туристік визаны беруді тоқтатуы туралы ақпараттың дұрыс емес екенін айтты.

— ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан тұрғындарын коронавирус инфекциясынан қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып, аурудың алдын алу туралы ұсынымдарымен бөлісті.

— Баспасөз конференциясында журналистерге елімізде маскалардың тапшылығына байланысты сұраққа қатысты түсініктеме берілді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу