ҚР Үкіметінің отырысы, 19.09.2023

19 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов баяндама жасады..

  • Үкімет басшысы астық қабылдау пункттерімен және астықты кептірумен айналысатын кәсіпорындармен тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етуіін талап етті. Бұл ретте ол тарифтердің көтерілуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

  • Сонымен қатар отырыста жаңа Бюджет кодексінің жобасы қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады.

  • Премьер-Министр 2004 жылдан бері бюджет саласында бірқатар маңызды және жүйелі реформа жүргізіліп келетінін айтты. Атап айтқанда, бюджет заңнамасы бір ретке және жүйеге келтірілді, сондай-ақ нәтижеге бағытталған бюджет қалыптастыруға көштік. 

  • Алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев баяндады.

  • Премьер-Министр жылыту маусымының басталуына өте аз уақыт қалғанын атап өтті. Оның айтуынша, солтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымы ауа-райына байланысты мерзімінен ерте басталуы мүмкін. Бүгінгі таңда жылыту маусымын бастау үшін бастапқы дайындық бар, бірақ бұл ретте олардың кейбірі уақытында аяқталмай қалуы мүмкін.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу