ҚР Үкіметінің отырысы, 22.08.2023

22 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанына дайындық және жемшөппен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Өз кезегінде ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, сонымен қатар Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев тақырыпқа қатысты баяндама жасады.

— Үкімет басшысы астықты дер кезінде тасымалдап, сақтау орындарын дайындау бойынша жұмысты уақтылы жүргізу, сондай-ақ тұрақты бағаны сақтай отырып, жемшөп қорын сапалы дайындау бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

— Сондай-ақ Үкімет отырысында жаңа жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов пен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов баяндама жасады.

— Премьер-Министр осы сектордағы цифрландыру мен автоматтандыру деңгейін арттыру маңызды екенін айтты және белгіленген мерзімде барлық жоспарланған жөндеу жұмысының аяқталуын және қажетті көлемде отынның алдын ала жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу