Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №59

2023 жылғы 27 ақпан мен 5 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Дүйсенбі, 27 ақпанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Кеңесте халықтың табысын арттыру бағдарламасын өзектендіру бойынша ұсыныстар мен орындалу қорытындылары қаралды.

  • Сейсенбі, 28 ақпанда ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығы мен халыққа онкологиялық көмек көрсету туралы 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселені талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктеріне тапсырма берді. Екінші мәселені қорытындылай келе, Ә. Смайылов онкологиялық ауруларды емдеудегі проблемалар туралы айтып, өңірлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударуды тапсырды.

  • Премьер-Министр сол күні орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық Банк және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басшылығының қатысуымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Кеңеске қатысушылар банк секторының қаржылық тұрақтылығының кейбір мәселелерін, атап айтқанда, мемлекеттік қолдау көрсетілген банктердің қызметін талқылады.

  • Сәрсенбіде Үкіметте Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті, онда мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелері мен жоспарлары талқыланды.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Wabtec компаниясының аға вице-президенті Гохан Байханмен кездесу өткізді. Тараптар серіктестікті кеңейту және машина жасаудағы жаңа жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады. Wabtec компаниясы Астанадағы локомотивтер шығаратын зауытта өндірісті кеңейтуге қаражат салды, бұл оның қуатын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

  • Сондай-ақ Үкімет үйінде кеңес өтті, онда Мемлекет басшысының Астана қаласын одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шаралары қаралды. Әлихан Смайылов елордада тұрғын үй құрылысының жоғары қарқынын сақтаудың және инженерлік инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте ол құрылыс салушылардың бекітілген нормалар мен жалпы заңнаманы сақтауын бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді. Тараптар сауда-саттық, инвестициялар тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, трансшекаралық өзендерді пайдалану және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

  • Келесі күні, 2 наурызда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия компаниялары қызметінің және жалпы саланы дамытудың бірқатар өзекті мәселелері қаралды. Кеңеске қатысушылар жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, перспективалы кен орындарын игеру және шикізат пен отынды тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту жоспарларын талқылады.

  • Сондай-ақ бұл күні Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Отырыста Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-ші пленарлық отырысына дайындық барысы қаралды, ол Қазақстанның өнеркәсібі мен көлік саласын цифрлық трансформациялау мәселелеріне, сондай-ақ жұмыс топтарының есептеріне арналады.

  • 3 наурызда Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту мәселелері бойынша отырыс өтті. Кеңесте аталған бағыттың қазақстандық бөлігіндегі белсенді жұмыстың арқасында республика аумағы бойынша транзиттік жүктердің өту мерзімі 12 күннен 6 күнге дейін, яғни, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге қысқарғаны атап өтілді. Сонымен қатар 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 5 күнге дейін жеткізу жоспарлануда.

  • Сондай-ақ бұл күні Әлихан Исмаилов 13 қаңтарда Алматы облысына жұмыс сапары аясында берген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Талқылауды қорытындылай келе, Үкімет басшысы барлық қатысушы мемлекеттік органдар Қонаев қаласын жаңа облыс орталығына айналдыру, G4 City қаласын және бүкіл өңірді дамыту жөніндегі тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу