Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №35

2019 жылғы 21-26 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 23 қазанда ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты, онда 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы үкіметтік заң жобасы мақұлданды.

  • Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері қаралды.

  • 25 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырыстарына қатысты, сондай-ақ, РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен екіжақты кездесу өткізді.

  • Өткен аптада ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Инвестициялар тарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар және АХҚО-ның өңірлерде инвестициялар тарту мәселелері бойынша тәсілдері туралы баяндамалар тыңдалды.

  • Премьер-Министр экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысына қатысты. Отырыста еліміздің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелер қаралды.

  • 24 қазанда Үкімет басшысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VI Съезіне қатысты. Съез жұмысында Үкімет пен «Атамекен» ҰКП-ның ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев пен Президент Қ. Тоқаевтың алға қойған экономиканың сапалы өсімін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі стратегиялық міндеттерін тиімді іске асыру үшін өзара іс-қимыл орнатуына ерекше көңіл бөлінді.

  • Жұмыс аптасы барысында Қазақстан Премьер-Министрі ҚР-дағы Азия даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капаннеллимен және «Surbana Jurong» басқарма төрағасы Yeo Choon Chong-пен келіссөздер өткізді.

  • 23 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуына бақылау орнату аясында өңірге жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы өңірде «Кировец» қуаттылығы жоғары тракторын шығаратын зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, «Қостанай-МБИ» ЖШС үй құрылысы комбинаты мен «Большевичка» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу