2020 жылғы 16-21 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Бейсенбі күні, 19 наурызда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясының таралуына байланысты елімізде Төтенше жағдай жарияланып, елордада карантин енгізілгеннен кейін Жібек жолы ауылы маңына қойылған №6 бақылау-өткізу бекетіне барып, жұмысымен танысты.
21 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардағы үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды.
Сейсенбі күні Үкіметтің кезекті отырысында кәсіпкерлік пен отандық өндірісті қолдау шаралары, сондай-ақ 2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы қаралды.
16 наурызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Сол күні Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын және сауда орталықтарында қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету бойынша алдын алу іс-шараларын өткізу жөнінде селекторлық кеңес өткізді.
17 наурызда ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.
Сәрсенбі күні Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады.
ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
19 наурызда Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді.
Жұма күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз