Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70

2023 жылғы 15-21 мамыр аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 16 мамырда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары, сондай-ақ өрт қаупі бар кезеңге дайындық шаралары қаралды. Бірінші мәселе бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың оң нәтижелерін атап өтті, Үкімет басшысы экономиканы одан әрі әртараптандыру, және тұрақты жұмыс орындарын құру, ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыруға және шикізаттық емес өнім шығаруға басымдық беру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігі жайлы айтты. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Үкімет басшысы табиғи өртті ерте анықтау жүйесін белсенді түрде енгізуді, сондай-ақ өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

  • 15 мамырда ҚР Премьер-Министрі Ресей Федерациясы Челябі облысының губернаторы А. Текслермен кездесу өткізді. Өнеркәсіптің түрлі салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

  • 16 мамырда Қазақстан Үкіметінің басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, UNFPA атқарушы директоры Наталия Канеммен кездесу өткізді. ҚР әлеуметтік саласын, оның ішінде білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, жастарды қолдау жөніндегі бастамалар, сондай-ақ Алматыда UNFPA көшбасшыларының жаһандық кездесуін өткізу мәселелері талқыланды.

  • 17 мамырда Ә. Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық қызметтерді көрсету нарығында бәсекелестікті дамыту шаралары қарастырылды.

  • 18 мамырда Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкіметте Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өтті. 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттарын айқындау, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2023-2025 және 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық тапсырмалар, сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.

  • Жұма күні, 19 мамырда Алматыда «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумы өтті. 

  • Форум аясында Қырғызстан Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен келіссөздер жүргізілді. Түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

  • Сол күні ҚР Премьер-Министрі Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскиспен кездесу өткізді. Еуропалық Одақпен өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымы талқыланды.

  • Кездесу қорытындысы бойынша Шикізат, аккумуляторлық батареялар және жаңартылатын сутектің тұрақты құн тізбектері саласындағы стратегиялық әріптестік туралы ҚР мен ЕО арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру бойынша жол картасын бекіту рәсімі өтті. Сонымен қатар Қазақстанда 9 млн еуро сомасына жобаларды іске асыруды көздейтін «ҚР-ЕО ынтымақтастық құралы» қаржылық келісіміне қол қойылды.

  • Сондай-ақ форум аясында Әлихан Смайылов Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді. Жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

  • Сол күні Ә. Смайыловтың Еуропалық инвестициялық банктің вице-президенті Тереза Червинскаямен кездесуі барысында көлік-логистика және АӨК саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

  • Сенбі күні, 20 мамырда Үкімет басшысы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары Үйлестіру штабының отырысын өткізді. Халықты сумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Әлихан Смайылов ауыз судың «аяқталмаған құрылыстарына» қатысты жұмыстарды сынға алып, осы саладағы мәселелерді шешу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу