Миссия. Экономика мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын ел үшін жаңа толыққанды ғарыш саласын қамтамасыз ету.

Пайымдау. Ғарыш саласы Қазақстанның әлемнің аса бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруге ықпал ететін ғылымға негізделген және жоғары технологиялық аясы ретіндегі ғарыш саласы.

Қазіргі уақытта әлемде 30-ға жуық ғарыш айлағы жұмыс істейді. Олардың ішінде жалпы ұшыру мен коммерциялық ұшыру саны бойынша «Байқоңыр» ғарыш айлағы алда тұр. «Байқоңыр» ғарыш айлағы әлемдегі ірі ғарыш айлағы бола отырып, өзінде еліміздің тамаша бәсекелестік басымдыққа ие «Протон», «Союз», «Зенит», «Днепр» ғарыштық зымыран кешендерін (ҒЗК) білдіреді. «Бәйтерек» ҒЗК жасалу кезеңінде тұр. Ғарыш айлағымен қатар Қазақстанның жер үсті ғарыштық инфроқұрылыс пен қатар Ақкөл қаласындағы байланыс ғарыш аппараттарын (ҒА) басқару жерасты кешені екі ғарыш апараты өңдеу және қабылдау орталығы, ғарыштық сәуле станциясы, ғылыми зертханалар, астрономиялық обсервотория жатады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыштық саясаты мынадай бағыттар бойынша кешендік және жүйелік жұмысты жүргізуге бағытталған:

1) ғарыштық жүйені құру, соның ішінде ғарыштық сегментті құру;

2) толыққанды жер үсті ғарыш инфроқұрылымын құру, соның ішінде:

  • ғарыштық техника өндірісі құралдарын құру;
  • ғарыш аппараттарын ғарышқа шығару құралдарын дамыту;

3) алдыңғы қатарлы ғарыштық технологиялардың трансферті және оны игеру;

4) қазіргі заманғы ғарыштық техниканы әзірлеу және өндіру техниканы әзірлеу және өндіру бойынша мамандарды даярлау.