10.05.2024
Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының өңірлердегі ЖЭО мен қазандықтарды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу сапасын тікелей өзім тексеремін
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысы мен келесі жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың, сондай-ақ инфрақұрылымның тозу деңгейі жоғары бірқатар облыстың әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.