15.05.2024
Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді
Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы құс фабрикасының жұмысын көрді.