11 Қыркүйек 2017, 08:45
2017 жылғы 4-10 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Дүйсенбі күні, 4 қыркүйекте ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтті. Мемлекет басшысы ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуына қатысты.
Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Халықаралық тәуелсіз әл-ауқат қорлары форумына қатысты. Осы күні Бақытжан Сағынтаев Форум қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізді.
Сондай-ақ, осы аптада XI Еуразиялық Kazenergy форумы өтті. Онда ҚР Премьер-Министрі шара қатысушыларына сөзін арнады.
Форум аясында Б. Сағынтаев Исландияның экс-президенті О. Гримссонмен, РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары А. Дворковичпен, Royal Dutch Shell компаниясының барлау және өндіру бойынша директоры Э. Браунмен кездесулер өткізді.
Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында жылыту маусымына дайындық барысы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелері, сонымен қатар «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру нысандары құрылысының барысы қаралды.
Осы күні ҚР Премьер-Министрі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Бейсенбі күні Б. Сағынтаевтың төрағалығымен халықаралық қаржы ұйымдарымен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Сол күні Б. Сағынтаев ExxonMobil Production Company президенті Н. Даффинмен кездесу өткізіп, «Экспо-2017» көрмесіндегі Польша Республикасының ұлттық күнінің ашылу салтанатына қатысты.
Сенбі күні ҚР Премьер-Министрі бірқатар маңызды келіссөздер жүргізді. Солардың ішінде Пәкістан Президенті М. Хуссейнмен, Индонезияның Вице-президенті Ю. Калламен және ИДБ Президенті Б. Әл-Хаджармен кездесті.
Бұдан өзге, сенбі күні Бақытжан Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылау бойынша кеңес өткізді.
Жексенбі күні, 10 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің жабылуына қатысты.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу