ҚР Үкіметінің отырысы, 18.03.2022

18 наурызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару және жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Ұлттық экономика министрі Ә. Қуантыров, қаржы министрі Е. Жамаубаев, ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеев, сауда және интеграция бірінші вице-министрі Е. Баттақов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев, ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Омаров, әділет министрі Қ. Мусин баяндама жасады.

  • ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайылов Үкіметке дағдарысқа қарсы жоспар жобасын 25 наурызға дейін енгізуді, жаңадан құрылатын Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары бойынша жедел жұмыс жүргізу үшін ЖК жобасын енгізуді тапсырды. Сондай-ақ тұрақтандыру қорына ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға форвардтық келісімшарттарды уақытылы жасау бойынша әкімдіктердің жұмысын үйлестіру тапсырылды. Әкімдіктерге биыл жем-шөп дақылдарына егістік алаңын ұлғайту қажет. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне БАҚ туралы заңды қайта қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тапсырылды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу