ҚР Үкіметінің отырысы, 25.01.2022

25 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

  • ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай қаралды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлағаны туралы баяндады. Өңірлерде коронавирус инфекциясы әлі де өршіп тұр. «Сары» аймақта орналасқан Түркістан облысынан басқа барлық өңірлер «қызыл» аймақта.

  • Премьер-Министр елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды әрі қарай бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының алға қойған міндетіне сәйкес, карантиндік шектеулерді бизнес үшін жеңілдете отырып, қайта қарау тапсырылды.

  • Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында батыс өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары қаралды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өткен жылы қабылданған Маңғыстау және Атырау облыстарының кешенді жоспарлары өзектендірілді, сондай-ақ Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына арналған жоспарлар әзірленді. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа жоспарлар әзірлеу және қолданыстағы жоспарларды өзектендіру туралы баяндады.

  • Атырау облысында жоспардың қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтып берді. Кешенді жоспар жобасы жалпы сомасы 8,9 трлн теңгені құрайтын 185 іс-шараны қамтып отыр.

  • Маңғыстау облысында жоспардың қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы өңір әкімі Нұрлан Ноғаев айтып баяндады. Өзектендірілген Кешенді жоспар 226 іс-шараны қамтиды, оның ішінде экономиканы дамыту аясында 96, тұрғын үй және инфрақұрылым бойынша 54, әлеуметтік сала және экологияда 63 және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде 13 іс-шара қарастырылған.

  • Сонымен қатар ҚР Үкіметінің отырысында Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралды. Жоспардың негізгі бағыттары бойынша Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндама жасады. Кешенді жоспар жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңге болатын 6 бағыт бойынша 92 тармақты іске асыруды көздейді.

  • Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірді дамыту жоспары туралы баяндады. Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары 116 іс-шараны қамтиды, оларды іске асыру үшін шамамен 2,6 трлн теңге қажет.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу