Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №30

2019 жылғы 16-22 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

 

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі және басқа да рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту шаралары талқыланды, сондай-ақ ауылдарда жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдау арқылы Жамбыл облысының тұрғындарының табысын арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру жолдары қаралды.

  • Асқар Мамин байланыс саласындағы Аймақтық достастық делегациясын, Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулин мен Бүкіләлемдік пошта одағының Бас директоры Бишар А. Хуссейнді қабылдады

  • Қазақстан Премьер-Министрі Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұжымына жаңа басшыларын – Мұхтар Тілеуберді мен Бейбіт Атамқұловты таныстырды

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысында холдингтің инвестициялық саясатының талаптарын орындау мәселесі қаралды.

  • Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті, оның барысында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік етуі мәселелері қаралды.

  • Үкімет басшысы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді. Отырысқа қатысушылар «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысын қарастырды.

  • Асқар Мамин Қарағанды облысының активіне өңірдің жаңа әкімі Жеңіс Қасымбекті таныстырды.

  • ҚР Премьер-Министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, онда «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» майлау материалдарын шығару зауытының ашылу рәсіміне қатысты. Үкімет басшысы «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары аясындағы инвестициялық жобаларды іске асыру барысымен танысты. Еңбекшіқазақ ауданында А. Мамин ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобаларды аралады — экспортқа бағдарланған «Amal Bio» ЖШС алма бақтарына, елеулі экспорттық әлеуеті бар «Адал» АӨК АҚ цифрлық сүт-тауарлық фермасына және жүгері өсіретін тәжірибелік алаңға барды. Жамбыл ауданында Үкімет басшысы «EmpireFood» ЖШС ет комбинатына, Қарасай ауданында «Хамле» ЖШС кондитерлік өнімдер зауытына барды. Жамбыл ауданында Үкімет басшысы «EmpireFood» ЖШС ет комбинатында, Қарасай ауданында «Хамле» ЖШС кондитерлік өнімдер зауытында болды. 

  • Асқар Мамин ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) алаңында кездесті. Үкімет басшысы Қытай парламентінің басшысымен «Нұрлы жол» қазақстандық бағдарламасын және «Бір белдеу – Бір жол» қытай бастамасын қосарлау аясындағы ынтымақтастықтың одан арғы перспективаларын талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу