Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №31

2019 жылғы 23-28 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Қазақстанның Тұңғыш Президенті ­­­­­– Елбасы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері қаралды. Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Үкімет пен Ақтөбе облысының әкімдігіне тиісті тапсырмалар берілді.

  • Қазақстанның Тұңғыш Президенті ­­­­­– Елбасы Н. Назарбаевтың қатысуымен «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті құрлық елдері арасындағы еуразиялық диологты, сенім мен серіктестікті нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

  • ҚР Үкіметінің кезекті отырысында өңірлердің жылыту маусымына дайындығы, «Бастау Бизнес» жобасын іске асырудың аралық қорытындысы және мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту мәселелері қаралды.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінде берген халықпен кері байланыс құралдарының тиімділігін арттыру бойынша тапсырмасының, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қойылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекетін қалыптастыру бойынша міндеттердің аясында «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдауды өткізді. «Nur Otan» қабылдауына еліміздің түрлі өңірлерінің тұрғындары электрмен, сумен жабдықтаумен қамтамасыз етуге, инфрақұрылымды дамытуға қатысты проблемаларымен және басқа да мәселелермен жүгінді. Қаралған әрбір жүгіну бойынша Үкімет басшысы әкімдіктердің, сондай-ақ министрліктер мен ведомстволардың басшылығына нақты тапсырмалар беріп, азаматтарды көтерілген мәселелердің шешімі жеке бақылауына алынатынына сендірді.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» Еуропа және Азия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің қатысушылары Черногория, Словакия, Солтүстік Македония, Молдова, Оман, Катар және Непал парламенттерінің спикерлерімен екіжақты келіссөздер жүргізді.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин XII Kazenergy Еуразиялық форумының «Энергия көздерінің болашағы: инновациялық даму» пленарлық отырысына қатысты. Үкімет басшысы «Digital energy» көрмесін қарап, Исландияның экс-Президенті және «Арктикалық шеңбер» халықаралық форумының төрағасы О. Р. Гримссонмен, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) Бас хатшысы М. С. Баркиндомен кездесу өткізді.

  • Асқар Мамин Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Байқоңыр қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, сондай-ақ ғарыш саласындағы бірлескен қазақстандық-ресейлік жобалардың іске асырылу жағдайымен және перспективаларымен танысты, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған бес 50 пәтерлі үйлердің алаңына барды, қаланы газдандыру және сумен қамту, қонақ үй кешендерін салу және реконструкциялау, Байқоңыр қаласында «Байқоңыр» АЭА құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Сондай-ақ, Үкімет басшысы ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Д. Рогозинмен «Назарбаев старты» ғарыш зымыраны кешенін құрудың қазақстандық-ресейлік жобасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу