Тег бойынша жаңалықтар - Экономика

Үкіметте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар түрлеріне бағаны тұрақтандыру мәселелері қаралды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі кезекті кеңесте негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасына қатысты жағдай талқыланды.

Олжас Бектенов Мәскеуде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты. Шағын және кеңейтілген құрамда ЕҮАК қатысушылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіп кооперациясын дамыту, сондай-ақ энергетика, цифрлық, кеден сияқты басқа да салалардағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Өнеркәсіпте индустриялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы Үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі – экономиканы әртараптандыру және қайта өңдеуді дамыту. Негізгі мақсат – тек шикізат экспортына бағдарланудан аулақ болып, қосымша құнды, тұрақты жұмыс орындарын, тұрақты экспорттық әлеуетті қамтамасыз ететін жаңа өндірістерді құру.

Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі үкіметтік штаб экономиканың базалық салаларын дамытудың алдын ала қорытындыларын шығарды

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалық етуімен өткен экономикалық өсімд қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында базалық салаларды дамытудың жыл қорытындысындағы алдын ала болжамы қаралды. Өсу драйверлері бұрынғыдай өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және азық-түлік өндірісі болып қала бермек.

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Қызылорда облысында 447 мыңға жуық тұрғын (53%) ауылдық жерлерде тұрады. Жоба басталғалы бері ауылдарда 782 жоба жүзеге асырылып, 1,1 мың жұмыс орны ашылды. Биылға 5,5 млрд теңге бөлінді. Әсіресе өнімді өндіруден бастап өткізуге дейін толық циклмен жұмыс істейтін қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдауға басымдық беріліп отыр.

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сөз сөйледі

Қанат Бозымбаев Үкімет жүзеге асырып жатқан өңірлердің теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар туралы баяндады.

Қазақстан Еуропалық Одақпен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация Ташкент қаласында өткен «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» үшінші экономикалық форумына қатысты.

«Бәйтерек» холдингін құрылымы және мазмұны жағынан қайта құру: Директорлар кеңесі инвестициялар тарту бойынша міндеттемелерді бекітті

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторын қолдауды күшейту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Холдингті одан әрі трансформациялау мәселелері бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту: айналым ашықтығы және делдалдар ықпалын азайту

Сенбі күні вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі кезекті кеңес өтіп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесін кеңейту мүмкіндігін қарастыру мақсатында азық-түлік себетіне жүргізілген талдаудың алдын ала нәтижелері ұсынылды.

Жаңа өндірістер мен жұмыс орындары: Президент тапсырмасымен Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar АЭА-ға қайтарылған активтер есебінен 9,6 млрд теңге бөлінді

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту және ірі инфрақұрылымдық жобалар құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысында Qyzyljar арнайы экономикалық аймағын дамытуға Арнаулы мемлекеттік қордан 9,6 млрд теңге бөлді.

Қазақстанда инвестиция тартудың жаңа тетігі іске қосылады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған Үкіметтің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасының жобасы қаралды. Жаңа құжаттың негізгі бағыттары туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.

Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бірлескен іс-қимыл бағдарламасы қабылданды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы бекітілді.

Үкімет азық-түлік бағасына бақылауды күшейтеді: азық-түлік қоржынына жан-жақты талдау жүргізілмек

Инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша өткен апталық кеңесте вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда және интеграция министрлігіне азық-түлік қоржынына терең талдау жүргізіп, оның құрамына енетін тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

Елімізде келесі жылдан бастап «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы іске қосылады

Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы шеңберінде экономиканың басым бағыты бойынша жобалар пулын қалыптастыру мәселесі талқылады.

Үкіметте инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша кезекті кеңес өтті. Кеңес барысында негізгі тауарлар бағасының өзгеру тенденциялары және олардың инфляция деңгейіне әсері қаралды.

Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлайды.

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 маусымдағы №476 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 маусымдағы №475 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 маусымдағы №463 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 5 маусымдагы №471 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №419 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №445 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №418 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 мамырдағы №416 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 мамырдағы №411 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 мамырдағы №402 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 мамырдағы №403 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 мамырдағы №397 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 мамырдағы №388 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 08 мамырдағы №372 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 мамырдағы №362 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 мамырдағы №360 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №355 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 мамырдағы №361 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №353 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №351 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №348 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №347 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі №321 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №317 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №314 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №310 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі №302 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі №295 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі №290 қаулысы