Тег бойынша жаңалықтар - Үкімет қаулылары

Елімізде су шаруашылығы және ирригация университеті құрылмақ 

Үкімет еліміздің су шаруашылығы саласына кадр даярлау шараларын қолға алуда. Тараз қаласында жаңадан құрылған су шаруашылығы және ирригация университеті өз жұмысын бастайды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді

Қазақстан Үкіметі алапат су тасқынынан кейін шағын және орта бизнестің мүлікке қатысты шығындарын өтеу үшін өз резервінен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады. Өңірлік комиссиялар кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдап жатыр.

Орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін бюджетте шамамен 8,5 млрд теңге қарастырылған

Биылғы 1 шілдеден бастап еліміздің орман және табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлері лауазымдық жалақыларына үстемеақы ала бастайды. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Су тасқыны салдарын жою: Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан кейін әуедегі электр желілерін қалпына келтіру үшін төтенше резервінен 1,1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Үкімет Екібастұз ЖЭО-ны одан әрі жаңғыртуға резервтен 3,4 млрд теңге бөледі

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Екібастұз ЖЭО-ны одан әрі жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Аталған жұмыс Мемлекет басшысының республикадағы ТКШ инфрақұрылымын кешенді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде атқарылып жатыр.

Үкімет Парламентке Түркістан қаласына рухани-мәдени және тарихи орталық ретінде дамыту үшін ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын ұсынады

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды.

ҚР Үкіметі ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелер салу және жаңғырту үшін шамамен 40 млрд теңге бөлді

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелер салу және жаңғырту үшін Үкімет резервінен 39,9 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Шешім 27 ақпандағы Үкімет отырысының хаттамасын орындау шеңберінде қабылданды.

Қазақстан Үкіметі адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Үкімет Жезқазғанда жаңа инженерлік желілерді салуға 4,8 млрд теңгеден астам қаражат бөледі

Мемлекет басшысының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жезқазғанда тиісті жұмыстарды орындауға қосымша қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.

Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет еліміздің жылумен жабдықтау жүйесін кешенді түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Риддердегі жұмыстарды күшейту үшін Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.

Үкімет балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов елімізде қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын қорғау үшін вакциналар мен медициналық бұйымдардың қосымша көлемін сатып алуға қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. 

Үкімет Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге резервтен 816 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Республиканың жылу көздерін кешенді жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Көкшетаудағы қазандықтарды жөндеуге Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды.

Қазақстанда Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында ҚР Үкіметі табиғи өртке қарсы іс-қимыл жүйесін нығайту жұмыстарын жалғастыруда. ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Орман қорын күзету және қорғау қызметін құру туралы қаулыға қол қойды. 

Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру аясында «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Үкімет Кентау, Риддер және Қызылордадағы жылу көздерін жаңғыртуға резервтен шамамен 16 млрд теңге бөлді 

Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен еліміздің жылу электр кешенін ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қарашадағы №1003 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы №1001 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы №1000 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №980 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №977 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қазандағы №955 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қазандағы №950 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 қазандағы №940 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №931 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №933 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №935 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №925 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №924 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 қазандағы №917 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №900 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №899 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №897 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №895 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы