Тег бойынша жаңалықтар - Сауда-экономикалық ынтымақтастық

Бавария Қазақстан-Германия экономикалық қарым-қатынастарының негізгі драйвері рөлін жалғастыруда

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық өкілді делегацияның Германияға сапары Бавария федералды жерінің астанасы Мюнхен қаласында жалғасты.

Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықта Гессен федералдық жері Германияның көлік және қаржы орталығы ретінде көпір саналады

Германияның көлік және қаржы орталығы болып саналатын Гессен федералдық жері екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамытуда маңызды байланыстырушы рөл атқарады.

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту туралы қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Синьцзян сауда-логистикалық тобының төрағасы Шэнь Цзиньшэньмен кездесті

Келіссөз барысында тараптар Алатау қаласы Жетіген ауданында «Қытай–Қазақстан халықаралық сауда-логистикалық орталығын» іске асыру мәселесін қарастырды.

Роман Скляр Боао Азиялық форумына қатысты

Боао Азиялық форумының (БАФ) 24-ші сессиясына қатысу шеңберінде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Дин Сюэсянмен кездесті.

Роман Скляр Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты.

Қазақ-әзербайжан ынтымақтастығын дамыту: Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды

Премьер-министр Олжас Бектеновті Бакуге ресми сапары аясында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қабылдады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі жеткізілді.

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті. Сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, көлік-логистика, мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге баса назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Олжас Бектенов Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Арефпен кездесті: екі ел арасындағы агроөнеркәсіп тауарлары айналымы бір жылда 25%-ға өсті

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматы қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Арефпен кездесті. Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов ҚХР-дың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинмен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссиясын бастаған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестиция, АӨК, көлік және логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық сала, туризм және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.

Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты 

Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Н.Э. Бауман атындағы ММТУ алаңында өтті, онда делегация мүшелеріне Ресей жоғары оқу орындарында оқитын ТМД елдері студенттерінің инженерлік жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылды.

Олжас Бектенов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен тауар айналымын арттыру бойынша бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады. Кездесу Чжан Сяоның Қазақстандағы ҚХР елшісі ретіндегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орайластырылып отыр.

Қазақстан мен ШҰАА тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин 5 желтоқсан күні Үрімшіде ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру және өзара әрекеттестіктің перспективалары талқыланды.

Олжас Бектенов Бішкекте Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысты 

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров Бішкек қаласында өткен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 12-ші отырысын өткізді.

ЕАЭО-да ортақ биржалық кеңістікті, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының көрсетілетін қызметтер нарығын қалыптастырудағы жаңа қадамдар 

Еуразиялық экономикалық комиссияның кезекті кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ нарықтар құруға ықпал ететін бірқатар құжаттар қабылданды. Қазақстандық тарапты вице-премьер Серік Жұманғарин басқарды.

Олжас Бектенов Шанхайда өткен VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Шанхай қаласында өткен China International Import Expo – VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. Жыл сайынғы көпсалалы іс-шараның мақсаты – халықаралық деңгейде экономикалық интеграцияны нығайту. Көрмеге қатысу шетелдік әріптестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және ұлттық өнімді халықаралық нарыққа шығаруға жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №813 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №816 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №787 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №758 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №773 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №771 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №762 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №764 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №763 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №759 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы №757 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №741 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №729 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №739 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 тамыздағы №736 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №728 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №725 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №721 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №722 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №731 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №718 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №707 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 тамыздағы №715 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №703 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 697 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №683 қаулысы