Тег бойынша жаңалықтар - Роман Скляр

Роман Скляр жол апаттары мен өлім-жітімді азайту бойынша кеңес өткізді

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кезекті кеңес өтті.

Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровпен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровпен кездесті.

Астана қаласында Қазақстан-Беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның XIX отырысы өтті

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Беларусь Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Николай Снопковтың тең төрағалығымен Қазақстан-Беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның XIX отырысы өтті.

«Душанбе халықаралық инвестициялық форумы – 2025» барысында Қазақстан–Тәжікстан ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары қаралды

Душанбе қаласында «Жасыл инвестициялар: тұрақты болашақ үшін қазіргі мүмкіндіктер» тақырыбында екінші «Душанбе халықаралық инвестициялық форумы – 2025» өтті.

Олжас Бектенов ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика үлесін төмендету жөніндегі Президент тапсырмасын орындау бойынша ЖИ енгізуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қаржы министрі Мәди Такиев пен қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов баяндады

Роман Скляр түрік іскерлік қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркияның Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесінің (DEİK) Қазақстандағы үйлестірушісі Сельчук Юдже, Дүниежүзілік түрік іскерлік кеңесінің (DTİK) Қазақстандағы өкілі Ахмет Будан және бірқатар түрік компаниясының өкілімен кездесу өткізді.

Роман Скляр Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесу өткізді

Астанада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Латвия Республикасының Көлік министрі Атис Швинкамен кездесуі өтті.

Роман Скляр «SVEVIND Group» бас директоры Вольфганг Кропппен кездесу өткізді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «SVEVIND Group» бас директоры Вольфганг Кропппен кездесу өткізді. Маңғыстау облысында «жасыл» сутегін өндіру бойынша HYRASIA ONE ауқымды инвестициялық жобасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ тұрақты энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Роман Скляр ГФР экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Германия Федеративтік Республикасының экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен онлайн кездесу өткізді. Тараптар өнеркәсіп, энергетика, сауда, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және екі ел үшін басқа да басым бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты. Нысанның құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Роман Скляр Инвестициялық штаб отырысын өткізді: экономиканың басым секторларында жаңа инвестициялық жобалар бекітілді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиын барысында агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика және азық-түлік өнеркәсібі сияқты бірқатар басым саладағы инвестициялық бастамаларды жүзеге асырудың негізгі мәселелері қаралды. Отырысқа қатысушылар Инвестициялар туралы келісімдердің негізгі шарттарын бекітті.

Роман Скляр ҚХР-дың құрылғанына 76 жыл толуына арналған қабылдауға қатысты

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай Халық Республикасының құрылғанына 76 жыл толуына орай ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігіндегі дипломатиялық қабылдауға қатысты.

Роман Скляр Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркиялық және қазақстандық бизнесмендер қауымдастығының (ТУКИБ) басшылығымен және мүшелерімен кездесу өткізді. Онда бизнесті жүргізу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты өзекті мәселелер, сондай-ақ одан арғы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Роман Скляр «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті

Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесу өткізді.

Роман Скляр қытайлық компаниялармен бірқатар кездесу өткізді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Development Bank (CDB) директорлар кеңесінің төрағасы Чжао Хуанмен кездесті.

ЖЖМ нарығындағы жағдай тұрақты: Үкіметте ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету мәселелері қаралды 

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехи, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің қатысуымен отандық ЖЖМ нарығындағы ағымдағы жағдай бойынша кеңес өткізді.

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №787 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №758 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №773 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №771 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №762 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №764 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №763 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №759 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы №757 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №741 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №739 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 тамыздағы №736 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №728 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №725 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №721 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №722 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №731 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №718 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №707 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 тамыздағы №715 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №703 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 697 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №683 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №687 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі №675 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №681 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №672 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №673 қаулысы