Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының негізгі векторын айқындап берді. Ол – қуатты өнеркәсіп әлеуетіне негізделген мықты да әртараптандырылған экономика құру.
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында ЖІӨ өсімінің 8-ші айдағы болжамы мен оның іргетасын құрайтын ауыл шаруашылығы, көлік, тау-кен және өңдеу өнеркәсібі, сауда, құрылыс секілді негізгі салалардағы жұмыс барысы қаралды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту мәселелері қаралды. Онда өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев теміржол машинасын жасауды дамыту туралы баяндама жасады.
Қазақстанда металлургиялық кендерді өндіру 7,8%-ға, ал металдар өндірісі 6,9%-ға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, осы жылдың бірінші жартыжылдығында да оң динамика сақталып отыр.
Тамақ пен сусын өндірісінің өңдеу өнеркәсібінің құрылымында алатын орны 17,2%. Бұл ретте тек металлургия мен машина жасау ғана алда тұр. Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында саланың қазіргі ахуалы мен өсу қарқынын жеделдету шарасы қаралды.
Қарағанды облысында Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңес өтіп жатыр. Іс-шараға 20 моноқаланың әкімдері, вице-министрлер мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы І тоқсанның қорытындысына сәйкес, энергетикалық сектор бойынша жер қойнауын пайдаланушыларының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу көлемі 1,1 трлн теңгені құрағанын, оның ішінде елішілік құндылық 680 млрд теңгеге жеткенін, бұл жалпы көлемнің 60,2%-ды құрайтынын атап өтті.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында осы жылдың қаңтар–сәуір айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 7,2%-ды құрағанын атап өтті. Оның айтуынша, аталған кезеңде кәсіпорындар 8,8 трлн теңгеге өнім өндірген.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдағы жетекші металлургия компанияларының бірі Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Цзэн Чжаоцянмен кездесті.
Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және экономикаға инвестициялар тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы ШОБ өңдеу өнеркәсібі және ірі бизнес саласындағы инвестициялық жобаларды, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдерін және құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, жүк тасымалдау, негізгі жобаларды, ШОБ дамыту үшін экоорта қалыптастыратын инфрақұрылымдық және кластерлік жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында 2024 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жетекшілік ететін секторларда атқарылған жұмыстар туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндама жасады.
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды.
Премьер-министр Олжас Бектенов Жаһандық инвестициялар бойынша VII қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты (KGIR-2024). Алаңда ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, энергетика және тау-кен өндіру салалары, қаржы секторы салаларындағы жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялар басшыларымен бірге 500-ден астам бизнес өкілі, сондай-ақ отандық кәсіпкерлік сала өкілдері, инвесторлар жиналды. Пленарлық сессия «Жаһандық инвестициялық үрдістер: болашаққа көзқарас» тақырыбына арналды.
Алматыда Kazakhstan Mobility Engineering автокөліктерге арналған қазақ тілі интеграцияланған мультимедиялық жүйелер шығаратын жаңа зауыт ашылды. Кәсіпорын Оңтүстік Кореялық Motrex Co Ltd серіктесінің технологиясы бойынша жұмыс істейді.
Қазақстанда машина жасау өнімдерін өндіру көлемін 2028 жылға қарай 2 есеге арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №980 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №977 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қазандағы №955 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қазандағы №950 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 қазандағы №940 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №931 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №933 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №935 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №925 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №924 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 қазандағы №917 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №900 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №899 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №897 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №895 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №839 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №830 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы