ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды. Негізгі міндет – Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халқыққа Жолдауында берілген тапсырмаларының іске асырылу барысын бақылау.
Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов зауыттар мен кәсіпорындарды аралап, өндіріс басшылығы және ұжымдарымен кездесулер өткізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымдық міндеттерді шешу барысы талқыланды.
Премьер-министр Олжас Бектенов венчурлық қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар, қазақстандық бизнес-қоғамдастық өкілдері және халықаралық әріптестермен кездесу өткізді. Талқылаудың басты тақырыбы жаһандық капиталды тартуға, стартап-экожүйені дамытуға және Қазақстанның өңірлік технологиялар мен инновациялар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған Венчурлық инвестициялар қорлары қорын құру болды.
Премьер-министр Олжас Бектенов Dalian Hesheng Holdings Group Co., Ltd. компаниялар тобының басқарма төрағасының орынбасары Ма Хуньхан бастаған қытай делегациясымен кездесу өткізді. Агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ көмір химиясы мен машина жасау салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарларды сақтау мәселесі қаралды.
ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2024 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың саланың даму қарқыны туралы, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов және қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың баяндамалары тыңдалды.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады. Сауда қатынастарын нығайту, Одақтың транзиттік-көліктік әлеуетін күшейту, өнеркәсіп кооперациясын дамыту, агроөнеркәсіп кешені саласындағы ынтымақтастықты арттыру және экономикалық үдерістерді цифрландыру мәселелері қаралды.
Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Н.Э. Бауман атындағы ММТУ алаңында өтті, онда делегация мүшелеріне Ресей жоғары оқу орындарында оқитын ТМД елдері студенттерінің инженерлік жобалары мен ғылыми әзірлемелері таныстырылды.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады. Кездесу Чжан Сяоның Қазақстандағы ҚХР елшісі ретіндегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына орайластырылып отыр.
Премьер-министр Олжас Бектенов «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жүргізіліп жатқан жұмыс қорытындылары және ұлттық компанияның ел экономикасына одан әрі инвестиция тарту жөніндегі жоспарлары қаралды.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев шекара маңындағы сауда-экономикалық хабтар желісін құру, инвестиция тарту және еліміздің экспорттық әлеуетін нығайту шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, Semurg Invest компаниясының бас директоры Нұржан Марабаев баяндама жасап, бірқатар өңір әкімдері тыңдалды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова баяндама жасады. Сондай-ақ бірқатар өңірдің әкімдерінің есебі тыңдалды.
Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған, өңірлердегі халықтың әл-ауқатын арттыру және стратегиялық мәселелерді шешу арқылы орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау. Маңғыстау облысы әкімінің, салалық министрліктер басшыларының баяндамалары тыңдалды.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, оның шеңберінде Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері қаралды.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров Бішкек қаласында өткен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 12-ші отырысын өткізді.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық мектептерді дамыту мәселелері қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және педагогтарды тарту шаралары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев ауылдық мектептерді қолдау және жабдықтау мәселелері бойынша баяндама жасады. Бірқатар өңір әкімдерінің есебі тыңдалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қазандағы №955 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қазандағы №950 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 қазандағы №940 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №931 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №933 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №935 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №925 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №924 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 қазандағы №917 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №900 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №899 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №897 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №895 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №839 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №830 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №813 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысы