Тег бойынша жаңалықтар - Олжас Бектенов

Президент тапсырмаларын орындау: Олжас Бектенов Qyzyljar АЭА-да инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Qyzyljar арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты, онда Мемлекет басшысы қойған экономиканы әртараптандыру және өндірістерді локализациялау жөніндегі міндеттерге сәйкес тамақ өнеркәсібі, машина жасау және шикізатты терең өңдеу салаларындағы ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Олжас Бектенов СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралардың жүзеге асырылуын және облыстық аурухананың құрылысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдар құрылысының барысымен танысты. Олар – Прибрежное ауылындағы жол өткелі және елді мекендер бойындағы қорғаныс бөгеттері, сондай-ақ Петропавлдағы көпсалалы облыстық аурухана.

Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және АӨК-ті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі егіс жұмыстарын аяқтау және агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин баяндама жасады.

Олжас Бектенов Президенттің СҚО ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексеріп, шаруалармен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Президенттің агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру және отандық өнімді терең өңдеу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Атап айтқанда, «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС цифрлық сүт-тауар фермасы, «Қызылжар Жем» ЖШС шаруашылығы және «Eurasian milk» ЖШС сүт өңдеу зауытына барды.

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Кипр Президенті Никос Христодулидис бизнес-форумға қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Кипр Президенті Никос Христодулидис Кипр Президентінің ресми сапары аясында Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Кипр бизнес-форумына қатысты.

«Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінде экономиканың нақты секторын қаржыландыруды кеңейту жөніндегі шешімдер бекітілді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру тарту, шикізаттық емес экспортты дамыту, сондай-ақ экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Almaty SuperSki жобасы нақты жүзеге асыру сатысына өтуде: Директорлар кеңесі бірқатар шешім қабылдады

Премьер-министр Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Онда Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды.

Олжас Бектенов ҚХР Гонконг АӘА әкімшілігінің басшысы Джон Лимен сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесу өткізді.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкіметте қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Онда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сондай-ақ ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары мен Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының әкімдері баяндама жасады.

«Заң мен тәртіп»: Олжас Бектенов Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысын өткізді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.

Олжас Бектенов XINFA GROUP компаниясының басшылығымен Павлодар облысында өнеркәсіптік парк құрылысының барысын талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов сингапурлық XINFA GROUP компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен Павлодар облысында өнеркәсіп паркін салу бойынша дайындық жұмыстарының барысын талқылады.

Олжас Бектенов: Осы жауапты кезеңді тиісті деңгейде әрі қауіпсіз өткізу – барлық мемлекеттік органдар үшін ортақ міндет

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Олжас Бектенов қауіпсіз және ұйымдастырылған демалысты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға дайындық барысын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының ағымдағы жағдайы жөнінде кеңес өткізді. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында және Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында қойған міндеттерін орындау мақсатында жүзеге асырылуда.

Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Президенттің инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру: биылғы 29 мамырда Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қалдықтарды энергияға айналдыру саласындағы ҚХР мен Орталық Азиядағы ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар жетекші қытайлық компаниялардың бірі – Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді.

Президенттің елімізді авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру: Үкімет инфрақұрылымды, сервис пен техниканы жаңарту бойынша жұмысты күшейтеді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселелері қаралды. Жиында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, көлік вице-министрі Гүлзат Көбенова, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшысы Майкл Дэниел, сондай-ақ Air Astana, TransInfoTech компанияларының, Жалпы мақсаттағы авиация пилоттары қауымдастығының және Шығыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау және Қостанай облыстары әкімдіктерінің басшылығы баяндама жасады.

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №419 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №445 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №418 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 мамырдағы №416 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 мамырдағы №411 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 мамырдағы №402 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 мамырдағы №403 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 мамырдағы №397 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 мамырдағы №388 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 08 мамырдағы №372 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 мамырдағы №362 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 мамырдағы №360 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №355 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 мамырдағы №361 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №353 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №351 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №348 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №347 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі №321 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №317 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №314 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №310 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі №302 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 сәуірдегі №295 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі №290 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі №284 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі №283 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 сәуірдегі №273 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 наурыздағы №202 қаулысы