Тег бойынша жаңалықтар - ҚР Премьер-министрі

Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты.

Үкіметте IX қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары қаралды. Премьер-министр: Бәріміз қазақ спортының бәсекеге қабілетті болуы үшін күш-жігерімізді жұмылдыруға тиіспіз

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында IX қысқы Азия ойындарына дайындық барысы қаралды. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндама жасады. 

Қазақстандағы электрондық сауда нарығының көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті: Үкіметте осы саладағы тұтынушылар мен өндірушілер құқығын қорғау деңгейін арттыру шаралары қаралды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында электрондық сауданы дамыту мәселесі қаралды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баяндама жасады. Сала өкілдері: «Қазпошта» компаниясының басқарма төрағасы Әсел Жанасова, «Халық банкінің» төрағасы Үміт Шаяхметова, «Цифрлық Қазақстан» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Денис Степанцев баяндамалары тыңдалды. 

Олжас Бектенов жаңа әділет министрін таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің ұжымына жаңа министр – Ерлан Сәрсенбаевты таныстырды.

Олжас Бектенов жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырды

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын іске асыру шаралары жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген мамандар екенін атап өтті.  Қазіргі жұмысшылар жоғары технологиялық жабдықтармен, автоматтандырылған жүйелермен жұмыс істейді. Бұл біліктілікті арттырып, интеллектуалдық әлеуетті және цифрлық сауаттылықты, жеке құзыреттілікті үздіксіз дамытып отыруды талап етеді.

Жұмысшы мамандықтары жылы: Олжас Бектенов қауіпсіз еңбек жағдайының сақталуына қатаң бақылау жүргізуді және экономика үшін жоғары білікті мамандар даярлау жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелері қаралды. Оқу-ағарту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы министрлері, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері мен «Атамекен» ҰКП басшылығы техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау, жұмысшы кадрларды қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында жақын арада бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер ұсынылатынын атап өтті.

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

Олжас Бектенов: Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша қажетті барлық шара қабылданады

Премьер-министр ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барып, Мемлекет басшысының іске асырылуы экономика өсуінің жаңа көзі саналатын цифрлы технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Олжас Бектенов Президент Ana tili газетіне берген бағдарламалық сұхбатында экономиканың өсуін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты міндеттер қойғанын атап өтті.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің Жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Құрметтi отандастар! Баршаңызды келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Олжас Бектенов «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңесте Президенттің экологиялық тепе-теңдікті сақтау және еліміздің тұрақты экономикалық прогресін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары әкімдерінің «жасыл экономика» индикаторларына қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы баяндамалары тыңдалды.

Инфрақұрылымды құру және көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету жүйесін қайта қарау: Үкімет жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарады 

Үкіметте ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды. Елдегі жағдай туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов, көлік министрі Марат Қарабаев баяндама жасап, бірқатар өңір әкімдері тыңдалды

Олжас Бектенов «заң және тәртіп» қағидаты туралы: Президенттің бұл тапсырмасын бұлжытпай іске асыру – мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының міндеті

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. 

Олжас Бектенов Астанадағы Әзербайжан елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігіне барып, Ақтау қаласының әуежайы маңында орын алған Az Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатына байланысты ашылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Олжас Бектенов Үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апаты орнындағы жұмысы туралы ақпаратты тыңдады

Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы шеңберінде күн тәртібінен тыс Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апаты орнындағы Үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есебі тыңдалды.

Олжас Бектенов цифрлық шешімдерді енгізу туралы: Жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өте маңызды мәселе

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қоғамдық өмірдің барлық саласына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қаралды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндады.

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №980 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №977 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қазандағы №955 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қазандағы №950 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 қазандағы №940 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №931 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №933 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №935 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №925 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №924 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 қазандағы №917 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №900 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №899 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №897 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №895 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №839 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №830 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы