Тег бойынша жаңалықтар - ҚР Премьер-министрі

Олжас Бектенов: дайындық жұмыстары аяқталды, жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізу қажет

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының басталуына байланысты мәселелер қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі – Қанат Шарлапаев, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдері елдің жылу және энергия жүйелерінің қысқы кезеңге дайындығы туралы баяндады.

Олжас Бектенов АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді

Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумға қатысты.

Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ереван қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен Одақтың цифрлық күн тәртібін «Заманауи цифрландыру – төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві» үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады. 

Олжас Бектенов Ақтаудағы МАЭК-ті жөндеу және су тұщыту зауытын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді 

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты, «Каспий» су тұщыту зауыты және «ҚазАзот» кәсіпорнына барып, инфрақұрылымдық проблемаларды шешу және экономикаға жеке инвестиция тарту мәселелерімен танысты. Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында тиісті тапсырмалар берген болатын.

Олжас Бектенов Ақтау, Құрық теңіз порттарының дамуымен және Кендірліде туризмді дамыту жоспарларымен танысты

Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетімен танысты. Ақтау, Құрық теңіз порттарында болып, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағын дамыту перспективалары қаралды.

Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты

Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде Жаңаөзен моноқаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. Атап айтқанда, инфрақұрылымды жаңғырту, білім беру сапасын арттыру, халықты жұмыспен қамту және басқа да маңызды бағыттардың қарқыны тексерілді. 

Олжас Бектенов жедел желі жұмысын тоқтатпай, жергілікті халықтың қалпына келтіруге қатысты сұрақтарына ден қоюды тапсырды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқыны салдарын жою жұмыстарын аяқтау мәселесі қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс, Төтенше жағдайлар, Көлік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Оқу-ағарту министрліктерінің басшылары халықты қолдау шаралары мен қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы баяндады. Сонымен қатар Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. 

Олжас Бектенов агробизнес өкілдерімен Президент жолдауы аясында АӨК қолдау шаралары мен астық жинау науқанының барысын талқылады

Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді, онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар қаралды.

Өнеркәсіп, логистика және АӨК: Олжас Бектенов Ақтөбе облысының дамуы барысымен танысты

Премьер-Министр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік бірқатар кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып, олардың мысалында отандық бизнесті қолдау шараларының тиімділігін және Жолдауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысын тексерді.

Энергия қажеттілігін жабу және ауылда білім беруді дамыту: Олжас Бектенов Ақтөбе облысының Бадамша ауылында болды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысын тексерді. Атап айтқанда, Бадамша ауылындағы бірқатар нысандарды көріп, Үкімет басшысы энергетика секторындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және білім беру сапасын жақсарту ісімен танысты.

Олжас Бектенов пен Грузияның бірінші вице-премьері Леван Давиташвили сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келген Грузияның бірінші вице-премьері – экономика және орнықты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесті.

Олжас Бектенов Орталық Азия елдерінің делегация басшыларымен Аралды құтқару қорының басым міндеттерін талқылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының төрағалығымен өткізілетін Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының бірінші отырысына қатысушы елдер делегациялары басшыларымен кездесу өткізді.

Германияның Федералды канцлері Олаф Шольц Астанаға ресми сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды канцлері Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана қаласының әуежайында Олаф Шольцті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды. 

Олжас Бектенов Президент атынан Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

​​​​​​​Үкімет үйі ғимаратында XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын марапаттау рәсімі өтті. Премьер-Министр Олжас Бектенов Президенттің атынан жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Олжас Бектенов пен ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Бо Ли қаржы-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры басқарушы директорының орынбасары Бо Лимен кездесті. Кездесу барысында қаржы-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Олжас Бектенов Шымкентте ауыл шаруашылығы, тамақ және фармацевтика өнеркәсібінің дамуымен танысты 

Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Премьер-Министрі ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларының өкілдерімен кездесті. Президент Жолдауындағы өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу және экономика өсімінің жаңа нүктелерін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру барысы мен шаралары талқыланды. 

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №813 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №816 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №787 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №758 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №773 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №771 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №762 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №764 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №763 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №759 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы №757 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №741 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №729 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №739 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 тамыздағы №736 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №728 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №725 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №721 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №722 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №731 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №718 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №707 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 тамыздағы №715 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №703 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 697 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №683 қаулысы