Тег бойынша жаңалықтар - ҚР Премьер-министрі

Олжас Бектенов Атырау облысының тұрғындарын жұмыспен қамту шараларымен танысты 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында APEC PetroTechnic жоғары колледжінде ел экономикасы үшін жоғары білікті мамандар даярлау ісімен танысты.

Олжас Бектенов Президенттің Атырау облысындағы мұнай, газ химиясын және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді 

Атырау облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов өңір өнеркәсібінің дамуымен танысты. Индустриалды компанияларға, мұнай-газ химиясы секторының кәсіпорындарына барды. Президенттің терең өңдеуге көшу және өнімнің ішкі құнын арттыру арқылы экспорттың шикізаттық бағытынан бас тарту және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасының орындалуы тексерілді.

Олжас Бектенов FIDE Халықаралық шахмат федерациясының 100 жылдығы мен 45-ші Олимпиадаға арналған алау эстафетасына қатысты 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов FIDE Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичпен бірге федерацияның 100 жылдығына және 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасын өткізуге арналған алау эстафетасына қатысты.

Олжас Бектенов: Әкімдердің жұмысын тұрғындардың тұрмысын жақсартудың нақты индикаторлары бойынша бағалайтын боламыз

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. «Отбасының цифрлық картасын» одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ «Әлеуметтік әмиян», «Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру» жобалары көрсетілді.

Олжас Бектенов Абай өңіріндегі өнеркәсіптің дамуымен танысты

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Абай облысының индустриялық дамуымен танысты. Отандық кәсіпорындарға, атап айтқанда ірі машина жасау өндірістеріне және қаптама материалдар мен цемент шығаратын зауыттарға барды.

Олжас Бектенов Семей қаласы Бас жоспарының жаңа жобасымен танысты

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Семей қаласының тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау және абаттандыру жұмысын тексеріп, жаңа автомобиль көпірі құрылысының барысымен және аспалы көпірді реконструкциялау жоспарымен танысты.

Қайта өңдеу және кәдеге жарату: Олжас Бектенов Абай облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорынның жұмысымен танысты 

Премьер-Министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Эйкос» резеңке техникалық бұйымдар шығару және қайта өңдеу кәсіпорнында болып, онда қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамыту барысымен танысты.

Олжас Бектенов Семейдегі апатты ЖЭО инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарын тексерді 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында Семей қаласындағы апатты ЖЭО жаңғырту барысын бақылап, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін және жылу беру кезеңіне дайындығын тексерді.

Олжас Бектенов «Семей орманындағы» өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстарын тексеріп, орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Премьер-Министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.

Олжас Бектенов Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы ТЖ салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты

Бүгінгі таңда Қарағанды ферроқорытпа зауытында ТЖ салдарынан болған апаттың себептерін тергеу жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен шекара маңы және аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 

Премьер-Министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Түмен облысының губернаторы Александр Моормен кездесу өткізді.

Үкімет БҚО-дағы жылу магистральдарын реконструкциялауға 4,9 млрд-қа жуық теңге бөлді

Алдағы жылу беру маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету үшін ҚР Үкіметінің резервінен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне шамамен 4,9 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Үкімет Петропавлда автожол өтпесін салуға 2,9 млрд теңге бөлді

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Петропавл қаласында апатты жол өтпесінің құрылысын аяқтауға 2,9 млрд теңге бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданды.

Үкімет су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелерін қалпына келтіруге 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Үкімет көктемгі су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Осы мақсатта Үкіметтің төтенше резервінен қосымша қаражат бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.

Олжас Бектенов диқандарды қолдау туралы: Алғаш рет жеңілдетілген несиелеу көлемі 580 млрд теңгеге жеткізілді

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Ауылда денсаулық сақтау: Олжас Бектенов медицина нысандарын салу бойынша тапсырмалардың орындалу қарқынын тексерді

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру мәселесі Үкіметте Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста қаралды.

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 шілдедегі №605 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 шілдедегі №601 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 шілдедегі №600 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 шілдедегі №583 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 шілдедегі №589 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 маусымдағы №564 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 маусымдағы №556 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 маусымдағы №546 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 маусымдағы №542 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы №529 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы №526 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы №521 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 маусымдағы №514 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 маусымдағы №511 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 маусымдағы №500 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 маусымдағы №499 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы №493 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 маусымдағы №487 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы №492 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 5 маусымдағы №469 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 маусымдағы №483 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 маусымдағы №476 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 маусымдағы №475 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 маусымдағы №463 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 5 маусымдагы №471 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №419 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 мамырдағы №445 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №418 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 мамырдағы №416 қаулысы