Үкімет Аппараты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Аппарат туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Аппараттың миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.

 

Аппараттың негізгi мiндеттерi мыналар:

  • Қазақстан Республикасының Премьер-министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • мемлекеттiк органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн, оның iшiнде ақпараттық дерекқор құру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру; 

  • Yкiмет пен Премьер-министрдің актілерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру; 

  • Мемлекет басшысының актілері мен Үкiметке берiлген тапсырмаларының, Yкiмет пен Премьер-министр шешiмдерiнің, Премьер-министр, оның орынбасарлары, Аппарат басшысы және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалу мерзiмiн бақылау; 

  • Премьер-министр, оның орынбасарлары және Аппарат басшысы үшiн олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде оның нәтижелерi бойынша қорытындының ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын Үкiмет пен Премьер-Министрдің шешiмдерi жобаларының қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектiлерiне сараптама жүргізу.

 

Байланыс ақпараты:

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 6, А 509 кабинет

 

Аппараттың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар тізбегі

2026 жылдың тоғыз айында еліміздегі жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу көлемі 3,5 трлн теңгеден асты

2026 жылдың тоғыз айында энергетика секторындағы жер қойнауын пайдаланушылар жүзеге асырған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алу көлемі 3,553 трлн теңгені құрады. Оның шамамен 1,9 трлн теңгесі немесе 55,4%-ы елішілік құндылық үлесіне тиесілі. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Үкімет сағаты: Құрылтайда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру барысы талқыланды

Құрылтайда 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру мәселесіне арналған Үкімет сағаты өтті. Құжат 2026 жылғы 29 қаңтарда бекітілген,  баланың қауіпсіздікке, сапалы білім алуға, денсаулығын сақтауға, отбасында тәрбиеленуге және әлеуметтік қорғалуға деген құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған төрт негізгі бағытты қамтиды.

Олжас Бектенов ХВҚ миссиясының басшысы Амина Ларешпен миссия қорытындылары мен алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясының Қазақстан бойынша басшысы Амина Ларешпен кездесті. Жиында Қор миссиясының қорытындысы шығарылып, Қазақстан мен ХВҚ арасындағы өзара іс-қимылдың жақын және орта мерзімді кезеңдегі перспективалары талқыланды.

Олжас Бектенов халықаралық бизнес өкілдерімен денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту және инновациялар енгізу мәселелері қаралды. Дәрілік заттар өндірісін кеңейту, заманауи емдеу әдістерінің қолжетімділігін арттыру және инвесторлар үшін жағдайларды жетілдіру мәселелері талқыланды.

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары шеңберінде отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның басшылары және облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

«Құрылыс және тағы да құрылыс»: Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5,5 млрд теңге бөлінді

Үкімет Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Ақмола облысында су тасқынының алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына 5,5 млрд теңге бөлді. Аталған үш жобаны 2027 жылғы су тасқыны кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Қазақстанда 19 өрт сөндіру депосы салынды және құтқару қызметтерінің кадрлық әлеуетін күшейтуде

Қазақстанда материалдық-техникалық базаны нығайту және азаматтық қорғау бөлімшелерінің инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Биыл еліміз бойынша 19 өрт сөндіру депосы салынды, оның 7-еуі өрт сөндіру және медициналық қызметтердің қатар жұмыс істеуін көздейтін әмбебап деполар. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов баяндады.

Жылыту маусымында өрттің алдын алу жұмыстары тұрақты бақылауда болуы керек — Премьер-министр

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Жиында төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов, сондай-ақ өңірлердегі жағдай туралы Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері  баяндама жасады.

Абай облысында «Семей» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Абай облысында инвестициялар тарту, жоғары технологиялық өндірістер құру және өңір экономикасын әртараптандыру үшін «Семей» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылады. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестициялық ахуалды жақсарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және экономикалық өсімнің жаңа нүктелерін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда.

Әрі қарай
Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қарашадағы №1003 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы №1001 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы №1000 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №980 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 қарашадағы №977 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қазандағы №955 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қазандағы №950 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 қазандағы №940 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №931 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №933 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №935 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №925 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №924 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 қазандағы №917 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №900 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №899 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №897 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №895 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы