Тег бойынша жаңалықтар - Өңірлер

Олжас Бектенов Президенттің СҚО ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексеріп, шаруалармен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Президенттің агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру және отандық өнімді терең өңдеу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Атап айтқанда, «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС цифрлық сүт-тауар фермасы, «Қызылжар Жем» ЖШС шаруашылығы және «Eurasian milk» ЖШС сүт өңдеу зауытына барды.

Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысындағы ірі жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі индустриалды және аграрлық сектордың даму қарқынын, ірі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысын тексерді. Сапар барысында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талданып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысында «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысын тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысымен танысты.

Батыс Қазақстан облысында стратегиялық коммуналдық нысандар жаңғыртылуда: Қанат Бозымбаев ЭКСЖ жобаларының құрылыс қарқынын тексерді

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы (ЭКСЖ) шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты.

Президент тапсырмасы бойынша Ақтөбеде музыкалық-драма театрының құрылысына 8 млрд теңге бағытталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе қаласында Тахауи Ахтанов атындағы драма театры үшін жаңа ғимарат салу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Үкімет резервінен 8 млрд теңге бөлінді.

Жаңа қуат көздері, газбен қамту және жылу беру: Нұрлыбек Нәлібаев Қарағанды облысының негізгі жобаларымен танысты

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Онда өңірдегі негізгі міндеттердің орындалу барысын тексеріп, ірі индустриялық әрі энергетикалық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты. Жұмыс сапары барысында өнеркәсіп кәсіпорындарын жаңғырту, жылыту маусымына дайындық, жылу энергетикасы мен газбен қамту жұмыстарын жалғастыруға ерекше назар аударылды.

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысындағы өндірістік, көлік-логистикалық, энергетикалық және инфрақұрылымдық  жобалардың барысымен танысты

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар өндірістік, көлік-логистикалық, энергетикалық және инфрақұрылымдық  нысандарды аралады. Оған облыс басшылығы, сондай-ақ нысандарға жауапты салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласындағы көлік-логистикалық, энергетикалық, индустриялық және туристік жобалармен танысты

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында мегаполистің негізгі көлік-логистикалық, энергетикалық, индустриялық және туристік нысандарын аралады. Оған қала әкімі Дархан Сатыбалды, облыс әкімдігінің басшылығы, сондай-ақ нысандарға жауапты ведомстволар мен салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

ЭКСЖ жобалық кеңсесінің отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау және тұрғын үй көмегін көрсету талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның жүзеге асырылу барысын, жобаларды қаржыландыру мәселелерін, отандық тауар өндірушілер өнімдерін қолдану деңгейін, сондай-ақ тұрғын үй көмегін проактивті форматта көрсету жұмыстарын тексерді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Олжас Бектенов Қызылорда облысының активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Премьер-министр Қызылорда облысы мәслихаты депутаттарының жиналысына қатысты.

Үкіметте халықты жұмыспен қамту мәселелері талқыланды

Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен азаматтарды жұмыспен қамту және NEET санатындағы жастармен атаулы жұмыс жүргізу мәселелері жөнінде кеңес өтті.

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Талдықорғанды жылумен жабдықтауды дамытуға 5,7 млрд теңге бөлді

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сенімді жылумен қамтамасыз ету бойынша қойған міндеттерін орындау шеңберінде Жетісу облысының Талдықорған қаласында жылумен жабдықтау нысандары құрылысын аяқтауға шамамен 5,7 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бағыттайды

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу желілері мен ЖЭО жабдықтарын жөндеуге резервтен шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық жағдайымен танысып, Есіл өзені бойындағы елді мекендерді әуеден шолып өтті.

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов туризм және спорт министрі, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдері, сондай-ақ Almaty Superski жобасын жүзеге асыруға жауапты Kazakh Tourism Development Ltd басшылығының қатысуымен Алматы тау кластерін (АТК) дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Олжас Бектенов құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК отырысын өткізді – жол қауіпсіздігі шаралары қаралды

Үкімет үйінде Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, онда Президенттің «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды.

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №787 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №758 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №773 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №771 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №762 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №764 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №763 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №759 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы №757 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №741 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №739 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 тамыздағы №736 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №728 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №725 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №721 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №722 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №731 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №718 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №707 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 тамыздағы №715 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №703 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 697 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №683 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №687 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі №675 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №681 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №672 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 шілдедегі №673 қаулысы