Жаңалықтар тізбегі

Кемелбек Ойшыбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Ә. Смайылов денсаулық сақтау жүйесіне аудит жүргізуді тапсырды 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Роман Скляр Қытай елшісі Чжан Сяомен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытайдың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Чжан Сяомен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

Жанар Жарылғасова ҚР Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

ҚР энергетика министрінің бұйрығымен Жанар Шайқықызы Жарылғасова Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

С. Брекешев: Кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімі 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегерілді

Қазіргі уақытта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады.

Әрі қарай