Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген кеңесте Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасына енгізілген кәсіпорындарды жергіліктендіруді арттыру туралы келісімдердің тетігі мен қарсы міндеттемелері қаралды.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Сильван Гелермен кездесті. Жүздесу барысында кәсіпорынның орнықты дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және Қазақстанның жаһандық титан нарығындағы ұстанымын одан әрі нығайту мәселелері қаралды.
Премьер-министр Олжас Бектенов 16-шы Astana Mining & Metallurgy 2026 халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысты. Конгреске әлемнің 16 елінен 1,5 мыңнан астам делегат қатысты, олардың қатарында Бельгия, Ұлыбритания, Еуропалық Одақ елдері, Канада, Қытай, БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Франция, Швеция және Оңтүстік Корея бар.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Шэньчжэнь қаласында (ҚХР) Alatau City-дің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, инвестициялық қорларының, қаржы институттарының, девелоперлік және технологиялық компанияларының өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде химия өнеркәсібін дамыту және өндірілетін өнім түрлерін әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде ҚР Үкіметі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «KazAzot PRIME» ЖШС арасындағы Маңғыстау облысы аумағында аммиак-карбамид кешенін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге қол қоюды мақұлдады.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрі Ким Чжон Кванмен кездесті.
2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстан астанасы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша қарқынды өсім көрсетіп отыр.
Премьер-министр Астана қаласына жұмыс сапары аясында Президенттің өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды нығайту және АӨК-тегі қайта өңдеуді тереңдету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов логистикалық орталық, медициналық бұйымдар өндіретін зауыт, нан-тоқаш, сүт және ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға барды.
Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Qyzyljar арнайы экономикалық аймағының қызметімен танысты, онда Мемлекет басшысы қойған экономиканы әртараптандыру және өндірістерді локализациялау жөніндегі міндеттерге сәйкес тамақ өнеркәсібі, машина жасау және шикізатты терең өңдеу салаларындағы ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.
Қазақстандық май саласының экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге өсіп, 963 млн АҚШ долларына жетті. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанада өткен FОС 2026: Fats and Oils Conference V Халықаралық май конференциясының ашылуы кезінде хабарлады.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі индустриалды және аграрлық сектордың даму қарқынын, ірі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысын тексерді. Сапар барысында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талданып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
ҚР төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өндірістегі қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Онда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, сондай-ақ ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары мен Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының әкімдері баяндама жасады.
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов сингапурлық XINFA GROUP компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Чжао Тинъюнмен Павлодар облысында өнеркәсіп паркін салу бойынша дайындық жұмыстарының барысын талқылады.
EXPO халықаралық көрме орталығында қазақстандық өндірушілердің IX «Ulttyq ónim – 2026» жыл сайынғы көрмесі басталды. Биылғы көрме осы уақытқа дейін өткізілген көрмелердің ең ауқымдысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 қазандағы №955 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 қазандағы №950 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 қазандағы №940 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №931 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №933 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы №935 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №925 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 16 қазандағы №924 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 15 қазандағы №917 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №900 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы №899 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №897 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 қазандағы №895 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 қазандағы №886 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы №888 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы №883 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қазандағы №878 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 1 қазандағы №864 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №853 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №848 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №854 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №852 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №851 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №850 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №849 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 қыркүйектегі №839 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №830 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №813 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысы