Тег бойынша жаңалықтар - ҚР Премьер-министрі

Олжас Бектенов Kazakh Invest директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Жүргізіліп жатқан жұмыс қорытындылары және ұлттық компанияның ел экономикасына одан әрі инвестиция тарту жөніндегі жоспарлары қаралды. 

Олжас Бектенов Маңғыстау облысының экономикасын әртараптандыруды күшейту және өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетін ашу жөнінде кеңес өткізді 

Премьер-министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Басты міндет – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған, өңірлердегі халықтың әл-ауқатын арттыру және стратегиялық мәселелерді шешу арқылы орнықты әлеуметтік-экономикалық прогресті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау. Маңғыстау облысы әкімінің, салалық министрліктер басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді, оның шеңберінде Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері қаралды. 

Олжас Бектенов Бішкекте Қазақстан–Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің отырысына қатысты 

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров Бішкек қаласында өткен қазақ-қырғыз Үкіметаралық кеңесінің 12-ші отырысын өткізді.

Олжас Бектенов: Ауылдағы мектептер ерекше рөл атқарады – білім, мәдениет ошағы және демалыс орталығы ретінде қызмет етеді. 2027 жылға дейін Қазақстанда 180 жаңа ауыл мектебі салынады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауылдық мектептерді дамыту мәселелері қаралды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңғырту және педагогтарды тарту шаралары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев ауылдық мектептерді қолдау және жабдықтау мәселелері бойынша баяндама жасады. Бірқатар өңір әкімдерінің есебі тыңдалды. 

Олжас Бектенов геологиялық барлаудағы басымдықтар туралы: Табыстың артуы үшін біздің жер қойнауын бірінші кезекте мемлекеттік компаниялар зерттеуі керек

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында геологиялық саланы дамыту мәселесі қаралды. Қазіргі жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов және Ұлттық геологиялық қызметтің басшысы Ерлан Ғалиев баяндады.

Олжас Бектенов NU және НЗМ Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізіп, университет жанындағы технопарктегі жобалармен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов NU, НЗМ және «Назарбаев Қоры» Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді. Атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалып, одан әрі даму жоспарлары қаралды.

Астанада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 7%-ға артты: Олжас Бектенов Президенттің еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы кәсіпорындарында металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты. Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру және басым салалардағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуы тексерілді.

Олжас Бектенов әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің цифрландыру саласын дамыту мәселелері қаралды.

Үкіметте теміржол саласын дамыту мәселесі қаралды: 2,8 мың шақырым жол жөнделіп, 143 жолаушы вагоны жаңартылды

Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды.

Білім беру және медицина қызметтерімен қамтуды арттыру, тіркеуді алып тастау және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес: Үкіметте цифрлық жобалар қаралды 

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде білім беру, денсаулық сақтау, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында цифрлық технологияларды енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Олжас Бектенов америкалық EPAM Systems компаниясының басшысы Аркадий Добкинмен бірлескен IT шешімдердің дамуын талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры әрі президенті Аркадий Добкинмен цифрландыру, IT-білім беру және Қазақстанның технологиялық экожүйесін дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Олжас Бектенов италиялық Maire Tecnimont және Ansaldo Energia компанияларының басшылығымен өндірісті локализациялау келешегін талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов биыл қаңтарда Римде ҚР Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан–Италия дөңгелек үстелінің алаңдарында жасалған келісімдер мен меморандумдарды іске асыру мәселелері бойынша энергетика және мұнай-газ химиясы саласындағы жабдықтардың жетекші өндірушілері – италиялық компаниялардың басшыларымен кездесті.

Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша шұғыл жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді.

Олжас Бектенов Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді: Ғылыми зерттеулерді қолданудың нақты нәтижесін іс жүзінде көруіміз керек

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов жетекші ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, ірі өнеркәсіптік өндірістер мен салалық министрліктер басшылығының қатысуымен жаңартылған құрамда Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысын өткізді.

Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеуді жыл соңына дейін аяқтау қажет — Олжас Бектенов 

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымын өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы қыркүйектегі №800 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №813 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №808 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 11 қыркүйектегі №816 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №767 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №787 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №772 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №758 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №773 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 27 тамыздағы №771 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №762 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №764 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы №763 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 25 тамыздағы №759 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 тамыздағы №757 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №741 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №729 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №739 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 тамыздағы №736 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №728 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №725 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №721 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 тамыздағы №722 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №731 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 тамыздағы №718 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №707 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 тамыздағы №715 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 10 тамыздағы №703 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 697 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 шілдедегі №683 қаулысы